jasqazaq.kz

Үш қызымыз АҚШ-та алаяқтықпен қолға түсті

07 тамыз 2018, 11:45

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық үш қызға қатысты пікір білдірді.

«Иә, біз қыздардың ұсталғанын растаймыз. Ұсталғандардың ішінде Қазақстанның үш азаматшасы бар. Екеуі қазір қамауда, ал біреуі денсаулығына байланыста қаладан кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Нью-Йорктің Оңтүстік округінің прокурорының өтініші бойынша олар 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін», — деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Оның айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығының өкілдері АҚШ-та ұсталған азаматшалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. ҚР СІМ ресми өкілі 1994, 1991 және 1970 жылғы үш азаматшаның ұсталғанын айтты. «Бұл АҚШ-тағы ірі алаяқтық болды. 25 адам ұсталды. Раритетті көліктерді сатумен айналысқан алаяқтардың ісі, келтірілген шығынның жалпы сомасы — 4,5 миллион доллар», — деді Смадияров. РИА Новости мәліметінше, шілде айының соңында АҚШ-тың Әділет министрлігінің өкілдері Федералды қауіпсіздік бюросы өкілдерінің 25 адамның көлік сатуда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқанын хабарлады. Оңтүстік округтің прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, Әзірбайжанның төрт азаматы және Қазақстанның үш азаматы, Латвияның екі тумасы, Украинаның екі азаматы болған. Сондай-ақ, айыпталғандардың ішінде АҚШ пен Түркия азаматтары бар. Еске сала кетейік, осыған дейін үш қазақстандық пен тағы 22 адамның АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны хабарланған болатын. Прокуратура мәліметінше, осы істегі әрбір фигурант 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегендері үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені айтылады.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде