jasqazaq.kz

Зорланған 7 жасар бала: Үш күдіктіге қатысты іс тоқтатылды

06 тамыз 2018, 22:46

 Төртеудің біреуі ғана айыпты болып шықты. Бас прокуратура Түркістан облысы, Абай ауылында 7 жасар баланы зорлаған төрт жеткіншекке қатысты қылмыстық істі тергеп бітті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Төрт күдіктінің арасында бір ғана жасөспірім 14 жасқа толған. Оның іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі (Жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша бағаланды. Қалған күдіктілердің 14 жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Яғни, Қылмыстық кодексте зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікке тарту 14 жастан басталады екен. Ал істі барынша әділ әрі жан-жақты зерделеу үшін медициналық, психиатриялық, биологиялық, молекулярлық-геномдық сот сараптамалары жүргізілген. Сол үшін Ресей, Қырғызстан және Грузияның жеке және мемлекеттік сарапшылары, сондай-ақ, еліміздің балалар дәрігерлері де шақырылған. Іс бойынша барлығы 14 кешенді сот сараптамасы мен 4 зерттеу жасалды. Айта кетсек, атышулы оқиға наурыз айында жария болған еді. 7 жасар бала өзіне әлгі төртеуінің 5 ай бойы анайы әрекет жасап келгенін әжесіне айтып берген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде