jasqazaq.kz

Жас ана өзінің жан сырын ақтарып, өзі үшін бала табудың артықшылығымен бөлісті

06 тамыз 2018, 14:36

Өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, кейін ажырасып тынған астаналық жас ана өзінің жан сырымен бөлісті. Айтуынша, «әкесіз бала тапқанша, отау құрып, балалы болып, кейін ажыраса салғанның еш сөкеттігі жоқ» екен.
NUR.KZ жазғандай, келіншек шаңырағының шайқалғанына өкінбейтін де көрінеді. «Басты байлығым — балам» деген ол ішкі сырын ақтарып, өзі үшін бала табудың артықшылықтарымен бөлісті.
Астаналық Айым есімді жас ана (авт. аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) осыдан екі жыл бұрын өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, кейін ажырасып кеткендіктерін баяндап берді. Бұрынғы некеден жалғыз ұл сүйіп отырған ол, жолдасымен ажырасып кеткеніне өкінбейтінін айтып қалды. Жас ананың ендігі мақсаты –  кішкентай батырын үлкен азамат етіп өсіріп, ел қатарына қосу болып отыр. «Бұрынғы жолдасыммен мейрамханада таныстым. Қарапайым отбасынан шыққан, түр-келбеті бар келісті жігіт болатын. Екеуміз де бір облыстан болғандықтан, алғашында жерлес ретінде ғана араласып жүрдік. Жасыратын ештеңесі жоқ, жасым сол жылы жасым 32-де болғандықтан, менде тездетіп тұрмыс құрып, ана болу мақсаты тұрды. Жерлес жігіттің бойынан маған деген ерекше сезімін көріп, 7 жас кіші екендігіне қарамастан, оған «жігіт» ретінде қарай бастадым. Жарты жылдай жүріп, кейін үйленейік деген ұсыныс айтты. Солай отбасын құрып, балалы болдым. Түсініспеушіліктің бәрі сол өмірге бала келгеннен басталды. Үйге кеш келуді, достарымен анда-мындамын деп сылтауратуды бастады. Кейін кеш те болса, оның әке болуға, біз үшін жауапкершілік алуға дайын емес екенін түсіндім. Ақыр соңында өзінен кіші жас қызбен кездесіп жүргенін білдім, сөйтіп, ажырасып тындық»,-дейді жас ана.

Айымның айтуынша, ол өзінен бірнеше жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанына еш өкінбепті. Керісінше, одан балалы болғаныма қатты қуанған көрінеді. «Менің ата-анам оқыған, үлгілі отбасыдан шыққан жандар. Өзім үшін бала тауып алсам мені кешірмейтін еді, әсіресе әкем ондайға қатал адам. Қазір, ештеңеге өкінбеймін, есесіне балам бар. Жолдасымның шыққан тегі, туыстары өте жақсы адамдар. Ертең балама сол қасеиттер беріледі деп ойлаймын. Мен сияқты қызмет қуып, отырып қалған қыздарға айтарым, өздеріңізден қанша жас кіші жігіт болса да, тұрмыс қуып, өздеріңіз үшін бала тауып алыңыздар. Бала – бауыр етің, күйеуің сатып кетсе де, балаң ешқашан анасын сатпайды. Әйел адамдарға одан артық қандай бақыт керек? Ендігі арманым осы баламды жеткізіп, адам қатарына қосу»,-деп әңгімесін аяқтады жас ана.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде