jasqazaq.kz

Индонезияда жойқын жер сілкінісінен адамдар қаза тапты

06 тамыз 2018, 12:03


Индонезиялық Ломбок аралында қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 91-ге жетті. Құрбандар саны одан сайын артуы мүмкін.
ҚазАқпарат хабарлағандай, бұған дейін Reuters агенттігі 82 адамның өлімін жариялаған еді. Табиғи апаттардың алдын алу бойынша ұлттық агенттіктің ресми өкілі Сутопо Нугрохо жер сілкінісінің аралдың солтүстік бөлігіне тигізген залалы аса ірі деп бағаланғанын айтты. Табиғи апат салдарынан мыңдаған үйлер күйреген. Бірнеше мың адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Сондай-ақ, билік өкілдері цунами қаупі төніп тұрғанын ескертті. Жерасты дүмпуі Бали аралында да сезілген. Бұл жер туристер арасында өте танымал болып, алайда онда ешқандай апат болмаған. Индонезия елінің президенті Джоко Видодо министрлер кабинетіне, полицияға және әскери қызметкерлерге құтқару операциясын жылдамдатуға тапсырма берді. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жексенбі күні Ломбок аралында 6,6 балдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы — 10 шақырым тереңдікте жатқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде