jasqazaq.kz

Майғазиев қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренжулі

26 маусым 2018, 10:59

Сәкен Майғазиев соңғы күндері елімізде үлкен талқыға түскен оқиғаға қатысты кезекті жазбасымен бөлісті. Әнші қытайлық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренішін білдірді, деп жазады Stan.kz.

Соңғы жылдары қытай азаматтарының етегінен ұстап кете баратын қазақ қыздарының саны артқан. Бұл жағдай ұлт жанашырларын қатты алаңдатып отыр. Күні кеше желіде қытай жігіті мен қазақ қызының құдаласу рәсімінен пайда болған видео бұл жағдайды ушықтыра түсті.

“Соңғы бірер күн көлеміндегі талқыланып жатқан жайтқа қатысты қытайдың сөзін сөйлеп, қазаққа қарсы шыққан пікірлерді де оқып, өмірден түңіліп кете жаздадым. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : “Кім қай қауымды жақсы көрсе (сөзін сөйлесе, жақтаса) қияметте сонымен бірге тіріледі “, деді. “Бауырыңа қарсы шайтан лағнетке әскер болма”, дегенді де адамзаттың асылы, сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с) айтты. Таңдау өздеріңізде. Айтарым осы. Раббым! Дін дұшпандарын да, ұлт дұшпандарын да тура жолға сала гөр. Бізді де, оларды да кешіре гөр. Ұрпақтарымыздың өзге ұлтқа құл, күң болуынан өзіңе сыйынамыз. Текті тамырдан тараған бауырлар, сіздерге Аллаһ тағала екі дүниенің жақсылығын берсін. (қазақ болып туғанына өкініп, сатқындардың сойылын соғатын санасыздармен салғыласуға жүйкем де, жүрегім де шыдамайды.) Бәріңізді бір Аллаға тапсырдым”, – деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде