jasqazaq.kz

Португалия мен Испания ойынында соғылған голдар (видео)

16 маусым 2018, 12:04

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының «В» тобындағы екінші ойын аяқталды. Сочиде өткен Португалия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші таймда Португалия құрамасы 2:1 есебімен алда болатын. 4 минутта Роналду пенальтиді сәтті орындаса, 24 минутта Диего Коста асқан шеберлік танытып, таразы басын теңестірді. Үзіліске шығар алдында Роналду дубль жасап үлгерді. Тартысты ойын екінші таймда да қыза түсті. 55 минутта Диего Коста да дубль жасап, «қызыл фурия» жанкүйерлерін қуантты. 3 минуттан кейін Начоның алыс қашықтықтан теуіп, Португалия құрамасы қақпасына гол салды.

https://youtu.be/Qwq-LWo-KZ0

Ойын аяқталар тұста Криштиану Роналду айып соққысын орындап, есепті теңестірді. Сондай-ақ, португалялық ойыншы мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.

https://youtu.be/-97RwiN4nmY

https://youtu.be/tRMZF-zK53I

https://www.youtube.com/watch?v=UIBijTXMVSg

Айта кетейік, бұл топтағы екінші ойында Иран құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпаймен көш басына шықты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде