jasqazaq.kz

Алаяқтар жұмысқа қабылдаймыз деп, 5 несие рәсімдеген

13 маусым 2018, 16:06

Павлодар тұрғыны сайт арқылы жұмыс іздеймін деп қарызға белшеден батты. Ер адам жалақының орнына микрокредит ұйымынан есепшоттар алып отырған.

Максим Максимов сайт арқылы фармацевтикалық компанияға көлік жүргізушісі керек деген хабаландыру оқиды. Жұмыс беруші құжаттарының көшірмесін поштасына жіберуді сұрайды, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеп stan.kz.

«Бастапқыда микроқаржы ұйымының коллекторлары хабарласып, қарызды беруді сұрады. Мен бұған қалай жауап берерімді білмей, хабарласқандардың бәріне шаблон жіберіп отырдым», – дейді ол.

Бірнеше күннің ішінде Максимге 5 несие рәсімдеген. Әр несие 300 мың теңге көлемінде. Пайыздық үстемесі көп. Тергеу екінші жыл қатарынан жалғасып жатыр.

«Іс бойынша бір адам күдікті деп танылды. Ол Қарағанды облысының тұрғыны. Қазі роны ұстау шарасы жүруде», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Микроқаржы ұйымдары несие беру үшін құжат көшірмесі мен сурет сұрайды. Алаяқтар желідегі кез келген адамның суретін жібере алады. Өтінішті толтырып, карта мен телефон нөмірін жібереді. Ақша картаға түседі.

«Жұмысқа орналаспай тұрып құжаттарыңды сканерлеп фирмаларға жіберуге болмайды. Алдымен оның қандай фирма екенін, ол туралы ақпараттың бар-жоғын тексеру керек», – дейді ақпараттық технология маман Максим Пекарский.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде