jasqazaq.kz

Алматыда студент бірге пәтер жалдап тұрған жігіттерді пышақтаған

11 маусым 2018, 12:53

Алматыда шетелдік студент бірге пәтер жалдап тұрып жатқан жігіттерге пышақ салып, олардың жеке мүлкін иемденіп алған. Нәтижесінде екі адам ауруханаға жеткізілген. Ал 4-курс студенті ұсталды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сондай-ақ, ІІМ ресми өкілі брифинг кезінде БҚО ІІД қызметкерлерінің кәсіпкердің үйінен 17 миллион теңге тонап кеткен ер адамның ұстағанын және Алматы қалалық ІІД полицейлерінің үйден 700 мың теңге, 3 АҚШ доллар мен алтын бұйымдарды тонап кеткен жергілікті тұрғынды ұстағанын хабарлады. Мұнымен қоса, Алмас Сәдубаев Астанада 6 маусымда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтып өтті. «Қазіргі уақытта астаналық полицейлер оқушы қызды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Қыздың таныстары мен достарынан жауап алынып жатыр», — деді Сәдубаев.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді