jasqazaq.kz

Қостанайда жазасын өтеуші колониядан қашып кетті

09 маусым 2018, 21:58

Қостанайлық тәртіп сақшылары түрмеден қашып кеткен 25 жастағы жігітке іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 маусым күні 1993 жылы туған Нариман Қабдысалямов қылмыс колониясынан қашып кеткен. Ол алаяқтық жасағаны үшін қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан. «Аталған факт Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі полицейлерімен сот алдындағы істердің бірыңғай реестріне тіркелді. ҚР ҚК 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды» делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Ішкі істер органдары қызметкерлері жазасын өтеушінің тұрғылықты мекенжайын анықтау үшін жедел-із кесу шараларын жүргізіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде