jasqazaq.kz

Қарақшылар зейнеткерді тонап кетті

10 мамыр 2018, 18:30

Риддер қаласында қарақшылар зейнеткерді скотчпен байлап, үй ішінде тұрған алтындарын ұрлап кетті.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 мамырға қараған түні зейнеткер ауласында әлдекімнің жүргенін байқап қалады. Ол аулаға шыққанда екі ер адамды көреді. Шақырылмаған қонақтар зейнеткерден су сұрайды. Үйдің иесі су бермек болған кезде қарақшылар оны үйге сүйреп кіргізіп, скотчпен байлап тастайды.

Зейнеткердің шарасыз күйін пайдаланған олар үй ішінен жарты миллион теңгенің алтынын жымқырып кетеді.

«Полиция қызметкерлері жедел түрде екі күдіктіні ұстады. Олар 32 жастағы жергілікті тұрғындар. Бұрын бірнеше мәрте істі болған», — делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

«Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде