jasqazaq.kz

Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрады

05 мамыр 2018, 11:44

Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев өз жаңалығын жария етті. Ерте қартайған қазақ баласы екінші рет отбасы құрғалы жатыр.

Nur.kz хабарлағандай, «Некемді қиғалы жатырмын. Әзірге менің жаңалығым осы. Ол адаммен Құлсарыға қонаққа барғанымда танысқан едім. Алла қаласа болашақ жарым болады деген ниетте отырмын. Ұлан асыр үлкен той болмайды. Ағайын туысты шақырып беташар жасап, некемізді қиямыз», — дейді Нұржан Өркешбаев.
Нұржанның болашақ жары — «Адай» руынан шыққан 24 жастағы бойжеткен Ақтау қаласынан екен. «Әзірге бірге суретке түскен жоқпыз. Болашақ жарым фотосын жария етуге қысылып тұр. Бірақ міндетті түрде бұл қуанышты сіздермен бөлісетін боламын», — дейді Нұржан.
Бұған дейін шаңырақ көтеріп, жарымен ажырасып кеткен азамат келесі неке қию рәсімін мамыр айына жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтқан болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде