jasqazaq.kz

Прокурормын деп таныстырған ер адам дәрігерді ұрды

02 мамыр 2018, 12:52

Ақтөбе облысында науқастың туысы дәрігерге жұдырық ала жүгірді.  Дәрігер Марал Тусинаның айтуынша, ер адам оның басынан бірнеше рет ұрып жіберген.
Stan.kz хабарлағандай, «Бұл менің кезекшілігімде болған жағдай. Науқас ауыр жағдайда түсті. Туыстарына әр түрлі жағдай болуы мүмкін екенін ескерттім. Олар барлық туыстарына хабарласқан көрінеді. Оның жағдайына қатысты бәріне есеп беруіме тура келді. Бас дәрігер мен бөлім меңгерушісі де жағдайы туралы айтты. Науқасты тексеріп жатқанда туысы есікті қайта-қайта қағып кедергі болды», – дейді дәрігер. Ер адам өзінің прокуратурада жұмыс істейтінін айтқан.
«Біраз уақыттан соң дәлізге шықтым. Кімсіз деген мұрағыма дөрекі түрде жауап берді. Науқастың жағдайы туралы барлық туысына түсіндіргенімді айттым да, кері бұрылып кеттім. Сол кезде ол мені басымнан бір қойды. Медбикелер жүгіріп келді. Айқай-шу болып кетті.Оның 37 жастағы ер адам екенін анықталды. Түнді полицияға арыз жаздым. Әлі де өз-өзіме келе алмай отырмын», – дейді жәбірленуші.
Облыстық прокуратура бұған қатысты іс қозғады. Қазір тергеу жүруде. 37 жастағы ер адамның қала тұрғыны екені, полицейлер мен прокуратураға еш қатысы жоқ екені анықталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде