jasqazaq.kz

Түрмеге заттарды дронмен таси бастады

27 сәуiр 2018, 13:37

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің қоғамдық кеңесінде Ұлттық ұланның қызметі қаралды. Осы орайда аталған құрылымның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов түзету мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтті.

«Естеріңізде болса, 2000 жылы түзеу мекемелеріндегі тәртіпті бақылау қызметі Әділет министрлігіне берілген болатын. Сол кезде біз аталған функцияны тапсырдық. Сосын Ақмола облысындағы мекемелерде жаппай тәртіпсіздіктер болды. Одан кейін біздің қарауылдарға шабуыл жасалды. Ал Маңғыстау облысында бір топ жазасын өтеуші түрмеден қашып кетті. Балқаш жақта террористік актілерге қарсы шара қолдандық. Міне, осы оқиғалардан кейін сотталғандарды бақылау функциясы қайтадан бізге берілді», — дейді Р.Жақсылықов. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының сөзіне қарағанда, бас кезінде тәртіпке бағынбаудың 400-ге жуық әрекеті тіркелсе, бір жылдан кейін аталған көрсеткіш екі есеге азайды. «Сосын түзеу мекемелеріне заңсыз заттарды кіргізу жағдайлары күрт төмендеді. Мысалы, бастапқыда біз жыл сайын 3 мың спирттік ішімдіктерді тәркілеп отырдық. Бүгінде ол көрсеткіш те азайды. Бірақ ондай оқиғалар әлі де бар. Оны мойындаймыз. Ішімдік заттарды көлікпен кіргізуге тырысады. Тосқауылдар арқылы лақтырады. Қазір басқа жолдарын да тауып жатыр. Пилотсыз ұшу аппараттарымен, яғни дрондармен түрмеге заңсыз заттарды жеткізу фактілері де тіркеле бастады», — деп атап көрсетті Р.Жақсылықов.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді