jasqazaq.kz

Маңғыстауда 1 мыңнан астам адам екпеден бас тартты

26 сәуiр 2018, 11:58

Маңғыстау облысында жұқпалы аурудың алдын-алу мақсатында осы кеселдің 21 түріне вакцина салу тегін жүргізіледіп. Алайда, жыл басынан бері өңірде 1 067 адам екпеден бас тартқан.

Жоспарлы иммунизациялауды жүргізудің арқасында соңғы 10 жылда Маңғыстау облысында жұқпалы аурулар — оба, іш сүзегі, дифтерия, сіріспе, полиомиелит сияқты індеттер тіркелмеген. Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Жұмажанованың айтуынша, соңғы уақытта вакцинаға қатысты кертартпа пікірлердің салдарынан ата-аналар екпе салудан бас тартып жатыр. «Бұл қауесетті растамаймын. Өңірде вакцинаның кері әсері тіркелген жоқ. Сондықтан барлық Маңғыстау тұрғындарын, барлық жастағы адамдарды ұлттық күнтізбе бойынша екпелерді уақтылы алып отыруға шақырамын», — дейді Әлия Жұмажанова. Айта кетейік, қазір облыста иммундау апталығы өтіп жатыр. Еске сала кетсек, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі статистикалық мәліметте вакцинацияға сенбейтіндер саны 12 700 адамға жеткен.

Қазақпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде