jasqazaq.kz

200 млн теңгеге салынған монумент құлай бастады

12 сәуiр 2018, 17:16

Оралда құны 200 млн теңге тұратын жүз метрлік ескерткіш көктем келе салысымен құлай бастады.

Оралдағы Тұңғыш президент алаңында орналасқан ескерткіштің тастары құлай бастаған. Әлі пайдалануға берілмеген монументтің неліктен мұндай күйге түскенін қалалық құрылыс бөлімі анықтауда.

«Мердігер бұл ескерткішті салу кезінде олқылықтарды анықтайтын болады, — деді Орал қалалық құрылыс бөлімінің қызметкерлері. — Қазіргі таңда ескерткіш қоршауға алынған. Оқиға орнында полиция жұмыс жасауда.

Көктем салысымен құлай бастаған ескерткіштер мұнымен шектелмейді. Мәселен, «Кітаптар» деп аталатын нысан мен өзге де ескерткіштердің де тастары құлай бастаған.

Бұған дейін іргесі құлап тұрған ескерткіштердің суреттері желіде тарап кеткен болатын.

Бұдан бөлек желі қолданушылары дәл осы алаңдағы жауын-шашын суы басып қалған қоғамдық әжетханалардың суреттерін де желіге жүктеумен болған.

Бұған дейін іргесі құлап тұрған ескерткіштердің суреттері желіде тарап кеткен болатын.

Бұдан бөлек желі қолданушылары дәл осы алаңдағы жауын-шашын суы басып қалған қоғамдық әжетханалардың суреттерін де желіге жүктеумен болған.

Еске салсақ, Оралдағы жаңа алаң 2016 жылы пайдалануға берілген. Қалалық билік оның құрылысына 1,5 млр теңге көлеміндегі қаражат жұмсаған. Биыл ақпан айында Қоғамдық кеңес алаңға Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берген-ді.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде