jasqazaq.kz

Байзақова атасымен жасты кісінің сезім білдіргенін айтты

28 наурыз 2018, 12:44


Атышулы Айжан Байзақова басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Ол өзіне атасымен жасты кісінің сезім білдіріп, күнде сыйлық сыйлағанын жайып салды.

Nur.kz  хабарлағандай, бойжеткеннің айтуынша, бұл оқиға бір жарым жыл бұрын болған. «Осыдан бір жарым жыл бұрын сауда орталығында сіңіліммен жүрген болатынмын. Бір кезде ұялы телефоным шырылдап, белгісіз нөмір хабарласты.Сөйтсем, гүл жеткізушілер екен. Алайда мен нөмерімді жиі ауыстырып жүретіндіктен ешкім біле бермейтін. Гүл жеткізушіден сұрасам, «құпия» деп кім екенін айтпады.
Осылай уақыт өте берді. Құпия табынушым бір күні гүл, келесісінде жемістер, дәрі-дәрмек жіберіп, естен тандырды. Бірақ кездесуге шақыруға асықпады. Осылай жүргенде ақыры менімен кездескісі келетінін айтты. Мен де үйреніп қалғандықтан келістім. Тек, жанымда сіңілім болатынын айттым. Осылай белгіленген жерге сіңіліммен келгенімде, «Сендерді көріп отырмын. Қазір барамын жандарыңа» деді.
Ал біз тыпыршып күтіп отырғанымызда, жанымызға атаммен жасты бір кісі келді», — деген бойжеткен оқиғаны әрі қарай баяндап берді.
«Мен әдептілік сақтап, ол кісіге барлық жасаған сыйлығы үшін алғысымды айттым. Бірақ сіңілімнің іші ауырып тұр деп сылтауратып, кетіп қалдық. Әрине, маған ересек ер адамдар ұнайды. Бірақ, атаммен жастылары емес. Міне осыдан кейін «құпия табынушылардың» көбісінің кәрі кісілер болатынын білдім. Және олармен кездеспеген дұрыс деп шешім қабылдадым», — деп жазбасын аяқтады Байзақова.
Сондай-ақ блогер келесіде, басқа да қызықты оқиғаларымен бөлісуге уәде берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде