jasqazaq.kz

Пәкістанда трансгендер-әйел тележүргізуші атанды

27 наурыз 2018, 15:03


Пәкістандық журналист Марвия Мәлік Kohenoor телеарнаcында жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол пәкістандық телевизия саласында жұмысқа қабылданған алғашқы трансгендер-әйел болды.

Nur.kz хабарлағандай, мамандығы бойынша журналист болғанымен, бұған дейін Марвия модель болып қызмет атқарған. Ол өзінің жаңа жұмысымен Пәкістандағы трансгендерлердің өмірлерін жақсарта алатынына үлкен үміт артады.
23 наурыз күні ол алғаш рет тікелей эфир жүргізді. Бағдарлама тізгінін ұстамай тұрып, журналист үш айлық оқу барысында үлкен дайындықтан өткен көрінеді.
Kohenoor арнасының басшысы Джунаид Ансари өз кезегінде, Марвияны трансгендерлік ерекшеліктер есебінен емес, кәсіби деңгейін ескере отырып алғанын айтты.
Айта кетейік, Пәкістанда трансгендерлер жұмыссыздықтан зардап шегуде. Қарапайым халық оларды қабылдамағандықтан, трансгендерлер көше безіп қайыр тілеп не болмаса жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде