jasqazaq.kz

Кассирді қорқытып 3,5 миллион теңгені ұрлады

26 наурыз 2018, 17:37

Алматыда супермаркетке түскен ұры түн ішінде 3,5 млн теңгені алып кеткен.

Бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған ер адам түнгі уақытқа жабылған супермаркетке кіріп, кассирлерді пышақпен қорқытқан. Осылайша кассадан 3,5 млн теңгені алып кетті. «Шабуыл кезінде қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпеген. Ол барлығы кассадан 3 миллион 543 мың 927 теңге алып кеткен. Бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды. Ұрланған ақша да іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді», — деді Әуезов аудандық ІІД басшысы Есен Ысқақов. Қазір күдікті қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 192-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде