jasqazaq.kz

Месси Неймардан «Реалға» бармауын өтінді

26 наурыз 2018, 10:10

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» сұрмергені Неймарға ұлыбританиялық «Манчестер Ситиге» өтуге кеңес берді.

Басылым мәліметінше, Месси каталониялық клубтың бұрынғы бас бапкері Хосеп Гвардиоланың «Ситиді» қалай жетектеп келе жатқанына тәнті болған. Аргентиналық футболшы Неймардың стилі ұлыбританиялық клубтың ойынына келетінін айтқан. Сондай-ақ Месси бразилиялық футболшыға «Реалға» бармауын, яғни ұсыныстан бас тартуын сұрады. Наурыздың ортасында Неймар әкесіне «Реалмен» келіссөздерді бастауын сұраған еді. Бразилиялық футболшы француздық чемпионаттың деңгейіне разы еместігін айтқан. БАҚ өкілдері Неймардың «барселонаға» қайтып келуі мүмкін екенін де жазды. 24 наурызда «Реал» өкілдері Неймардың клубқа өткен жағдайында қанша гонорар болатынын көрсеткен. Бразилиялық шабуылшы «Барселонадан» ПСЖ-ға» 222 миллион еуроға келген еді. Осы маусымда Неймар 30 ойын өткізіп, 28 гол салды.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде