jasqazaq.kz

Шымкентте полицейлер жасөспірімді өлімші етіп сабаған (ВИДЕО)

03 тамыз 2016, 3:12

3ba2ad2945336d0087070b9a7976cf44_XL

Оқиға 1 тамыз күні Шымкенттегі Суриков көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында орын алған. Тәртіп сақшылары ондаған адамның көзінше 17 жастағы бозбаланы өлімші етіп сабапты. Бұл туралы жергілікті TVK телеарнасына сілтеме жасап sn.kz сайты хабарлады.

Куәгерлер жасөспірімді төрт адамның жабылып ұрғанын айтады. Полицей формасын кимегендіктен оларды алғашқыда бұзақылар деп ойлаған. Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары шақырылыпты. Алайда, артынша белгілі болғаны, бұл төртеуі арнайы тапсырма орындап жүрген полицейлер екен.

«Азаматтық киім киген төрт адам бір баланы жабылып ұрды. Сөйтсек, олар ұстау операциясын жүргізген екен. Бәрі полиция қызметкерлері. Соққыға жығылған баланың жағдайы нашарлап кетті. Жедел жәрдем де бір сағаттан кейін келді. Аулаға жиналған полицейлерде есеп жоқ, шамамен қырық шақты. Біз қарап тұрғаннан басқа ешнәрсе істей алмадық»,- дейді осы үйлердің бірінде тұратын Әбдімәжит Ашурметов.

Өзге кугерлердің айтуынша, жасөспірімнің басы бетонға соғылған көрінеді. Содан басы жарылған. Оқиғаға куә болған кішкентай балалар шошып та қалған екен.

Дәрігерлердің көмегінен бас тартқан баланы туған-туыстары алып кетті дейді жедел жәрдем қызметінің мамандары. Ал, кейбір деректерге сүйенсек, полицейлер жасөспірімді шын күдіктімен шатастырып алған көрінеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде