jasqazaq.kz

Көкшетауда жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

22 наурыз 2018, 9:07

Көкшетау қаласының екі тұрғыны жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш қылмыстарды тәртіп сақшылары «Стоп трафик» операциясының барысында анықтады. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы бөлімі мен әкімшілік полиция қызметкерлері мен көші-қон қызметінің өкілдері бірқатар рейд шараларын жүргізіп, оның барысында өнеркәсіп нысандары, ауыл шаруашылығы аумақтары, ойын-сауық орындары мен қонақ-үй монша кешендерін тексерген. Жедел уәкілдер адам саудасымен байланысты 6 қылмысты анықтаған. Оның ішінде 2 факті жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеумен, 4 факті жеңгетайлықпен баланысты болып отыр. Сонымен қатар арнайы операция барысында облыстың Көкшетау, Щучинск, Атбасар және Степногорск сияқты өңірлерінде жеңгетайлықпен айналысу әрекеттері анықталды. Заң бұзушылар қыздарды белгілі бір сомадағы қаржыға интимді қызметпен айналысуға міжбүрлеген. Көрсетілетін қызметтің бағасы 1000-нан 5000-ға дейін барады. «Қазіргі таңда анықталған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Айта кететін мәселе аталған заңсыз әрекеттер үшін белгіленетін бап мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады»,-деп қосты ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде