jasqazaq.kz

Моңғолиядағы қазақтар моңғолдарды тізерлетіп, кешірім сұратты (видео)

16 наурыз 2018, 15:15

Моңғолияда қазақ ұлты туралы жағымсыз мақала жариялаған сайт редакторы жұмыстан қуылып, басылым жергілікті қазақтардан кешірім сұрады.

Моңғолия елінің жергілікті zinda.mn сайты қазақтарды террористерге жатқызып, діни және ұлттық сипатта кемсіткен мақала шығарған. Соны көрген екі қазақ жігіті сайт редакциясына барып өшіруін талап етеді. Жігіттер сайттың редакциясына қолдарына күрек ұстап барады.

Осы оқиғадан соң сайт басшылығы әлгі мақаланы өшіріп, ресми түрде кешірім сұраған. Жауапты редакторды бірден жұмыстан шығарыпты.

Қазақ ұлты үшін осындай батылдыққа барған жігіттердің есімдері – Нұрболат және Асқар.

Видеода Нұрболат есімді жігіт моңғол тілінде: «Мен қорықпаймын. Ұлтымды келекеге айналдырып жатса, ұлтым үшін өліп кетуге бармын», — деп сайт тілшілеріне қарата айтқан сөзі өрт болды.

Жігіттердің бұл әрекеті моңғол қазақтары тұрмақ, әлеуметтік желі арқылы көрген қазақстандықтарды да тәнті етті.

Видео Нұрбол Ханағаттың желідегі парақшасынан алынды

ernur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде