jasqazaq.kz

Эмомали Рахмон ресми сапармен Астанаға келді

14 наурыз 2018, 13:01

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Қазақстанға келді.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан ҚР Премьер-Министрі — Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев қарсы алды. Айта кетерлігі, кеше Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді атаған болатын. Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер қорытындысында Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланған. ҚазАқпарат хабарлағандай, мұнан бөлек, үкіметаралық үш келісімді рәсімдеу де көзделіп отыр. Аталған құжаттардың барлығы да көші-қон мәселелеріне, бір елдің азаматының екінші елге келу тәртібіне қатысты болмақ. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі 14 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келетіндігін, сапар аясында мемлекет басшылары күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайтындығын хабарлаған еді. Ал 15 наурызда Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі өтеді. Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден Меджлис төрайымы А.Т.Нурбердыева ханым қатысады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылдың 7 қаңтарында орнады. 2017 жылдың қорытындысында екі елдің арасындағы тауар айналымы 776 млн долларға жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 31,5 пайызға асып түсті.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді