jasqazaq.kz

«Отырарды қорғау» мультфильмі көрерменге жол тартты

07 наурыз 2018, 14:50

Оңтүстік Қазақстан облысында «Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты.

Туынды Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көріп отыр. Бұл шығармада аты аңызға айналған көне Отырар қаласының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті елін сүйетін екі баланың бастан кешкен хикаялары арқылы суреттеледі. Көрермен әлемдегі екінші кітапхана атанған Отырар кітапханасы мен Әбу Насыр әл-Фараби туралы толық мағлұматтарға қанығады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерді насихаттауға әрі патриотизмге баулуға бағытталған фильм «2D, 3D» форматында жасалып отыр. Алдағы уақытта осы секілді 10 сериалы «Төле би» туындысы, «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы – бірліктің туы» атты анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланған.

Жанель Нұржанова, мектеп оқушысы:

— Бұл мультфильм маған қатты ұнады. Жалпы түсінгенім, Отырарды қорғаған адамдардың арқасында біз осы күнге жеттік. Білімді болуымыз керек екен. Өйткені күш бірлікте емес, білімде.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде