jasqazaq.kz

Шымкент зообағында тағы жанжал шықты (видео)

02 наурыз 2018, 17:01


 Бұл жолы мекеменің бұрынғы директоры мен зообақ ішінде бұрын сауда жасағандар қазіргі басшылық ойына келгенін істеп отыр деп шағымданды. Олар хайуанаттар бағында басшы ауысқан үш жыл ішінде аңдар қырылып жатыр дейді.


Сейдулла Жұбаев, Шымкент зообағының бұрынғы басшысы:
-Осы уақыт ішінде 55-60-қа жақын барлық жан-жануарлар өлді. Мамандардың өз ісіне жауапкерсіздігінен. Жаңағы өздерінің тиісті маманы еместігінен, қабілеттері, білімдері таяздығынан. Оның ішінде оннан астам қызыл кітапқа кіретін аңдар өлген. Аңдары аш зообақтың қадірі де қашты деген экс-директорды мекемеден қуылған сатушылар да қолдап келген. Жылдар бойы дүңгіршекте тәтті су және басқа да майда-шүйде сатып, күн көріп жүрген кәсіпкерлерді қазіргі директор Нұрғазы Бұхарбаев жылы орындарынан қуыпты. Сауда орнының жалдау құнын еселеп көтерді деп шағымданған олар енді барар жеріміз де қалмады дейді. Бұған хайуанаттар бағының қазіргі басшысының уәжі баршылық. Өзі директор боп тағайындалғалы аңдар саны да, түрі де көбейгенін айтып, аң өлімін табиғи құбылыс деп отыр. Ал сатушыларды қуған жоқпын, тек талапты күшейттім дейді.
Нұрғазы Бұқарбаев, Шымкент зообағының директоры:
-Мен келген кезде 35 нүкте болатын. Ол былай айтқанда өзіңіз бйқасаңыз біз енді даму жағына кету үшін біз біріншіден азайттық. Ол кәдімгідей базар қып жіберген еді. Мен келген кезде базар сияқты еді. 35-тен де көп еді. Шығарып-шығарып жібердік.

КТК

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде