jasqazaq.kz

Қанат Сәдуақасов өтемақыны түрмеде қайтарады

01 тамыз 2016, 23:48

Көптің көзінше өз әйелін тірідей өртеп жіберген Қанат Сәдуов енді түрмеде отырып жетім қалған ұл-қызына миллиондаған өтемақы төлеуі тиіс. Астана соты осындай шешім шығарды.

Марқұм Светлана Сәдуованың үлкен ұлы мен нағашылары азғыннан материалдық өтемақы талап етіп, арыз жазған болатын. Сот олардың шағымын қолдап, Қанат Сәдуовке 11 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұл қаржы астаналық ұстаздың артында қалған төрт баласы мен туғандарына моральдық шығын ретінде үлестіріледі. Естеріңізге салсақ, Қанат Сәдуов былтыр мамырда Елордадағы мектептің жанында мұғалім әйелінің үстіне бензин құйып жағып жіберген еді. Өртке оранған келіншек ауруханада жатып көз жұмды. Кейін қаскөйдің жиырма жыл бойы жарын аяусыз ұрып-соғып келгені белгілі болды. 18 жылға бас бостандығынан айырылған Қанат Сәдуов қазір қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуде.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде