jasqazaq.kz

«Ордабасы» Латвияның «Спартак» командасымен тең түсті

01 наурыз 2018, 22:45

Шымкенттің «Ордабасы» командасы Түркиядағы оқу жаттығу жиындарын аяқтауға жақын. Бұған дейін екі кездесуде жеңіліс тапқан команда Латвияның «Спартак» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын барысында шымкенттік команданың бас бапкері Георги Дерменжиев алаңға Бочаров, Симчевич, Ковальчук (Берто́льо, 46), Фонтанелло, Диакате (Шәмші, 46), Ерланов (Спахия, 46), Тұңғышбаев, Төлебек, Досмағамбетов (Даутов, 46) Хижниченко (Ли, 46) сынды ойыншыларды шығарды. Ал, қақпаны Нарзикулов қорғады. Тартысты өткен ойында оңтүстіктің футболшылары Юрмала қаласының командасымен тең түсті. Есеп 1:1 болды. Айта кетейік, жуырда ғана жаңа ойыншылармен толыққан команданың жаңа құрамын жанкүйерлерге таныстыру рәсімі 7 наурыз күні Шымкентте өтеді деп жоспарланып отыр. Ал чемпионаттың тұсау кесер ойыны 11 наурыз күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда басталмақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде