Оралда құрылысына осыншама қаражат жұмсалған Жайық өзені жағалауының қазіргі жағдайы адам шошырлықтай.
Осыдан үш жыл бұрын жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізген мердігер компания кезінде бұл нысан табиғаттың кез-келген мінезіне төтеп береді деп мақтауын асырған-ды. Бірақ істелген іс пен айтылған сөздің арасы тым алшақ болып шықты. Қазір бұл жер қалалықтар демалатын орыннан гөрі қорқынышты фильмдер түсіретін алаңға көбірек ұқсайды. Субұрқақтың да істемей тұрғанына ұзақ уақыт болса керек, тұрып қалған суынан айналаны жағымсыз иіс басқан. Аяқ астына төқселген тастың да жағдайы мәз емес. Біркелкі салынбағандықтан, астынан шөп өсіп кеткен. Ал, мәрмәр плиталар сынып, түсіп қалыпты. Жергілікті шенеуніктер қала ортасындағы нысанның не себепті мұндай күйге түскенінен бейхабар. Бірақ олқылықтың орнын мердігер компания толтырады деп жайбарақат отыр.
Орынбасар Бисенғалиев, Орал қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:
— Орал өзені жағалауын салған мердігер ұйым жаңағы саябақ 8 жыл кепілде. 8 жыл кепілді болғасын мердігер ұйыммен қалпына келтірілетін болады. Сондықтан, ол жағынан бүкіл жұмыстар атқарылады.