jasqazaq.kz

Түрікменстанда ұн тапшылығының салдарынан халық кебекке таласты (видео)

28 ақпан 2018, 11:42

Түрікменстанда ұн тапшылығына байланысты халық арасында кебекке сұраныс артты. Ақпанның ортасында Дашоғыз облысында түсірілген видеода кебекке таласқан бірнеше тұрғынды көруге болады. 

Вaq.kz  хабарлағандай, кебек барлығына жетпей қалуы мүмкін деген қауіппен қап арқалап келген халық автокөліктің үстіне ұмтылады.
Түрікменстанда 2017 жылы азық-түлік бағасы күрт көтерілді. Әсіресе ұн қымбат. Өйткені елде егін аз жиналған. Оның үстіне ауыл шаруашылығының өнімділігі төмендеді. 2017 жылы мамырда ел президенті осындай мәселе барын ресми түрде мойындап, ауыл шаруашылығына жауапты вице-премьерді жұмыстан шығарған.
Билік бірнеше жыл бойы ұн тапшылығын білдірмей келген. Бірақ соңғы жылдары мұнай бағасы төмендеп кеткен соң, үкімет шетелден азық-түлік сатып алуды азайтқан.
Өткен жылы желтоқсан айында ұн бағасы екі есе қымбаттап кетті. Елде жоғары сортты ұн сатып алу мүмкін болмай қалды. Сол себепті ақпан айының басында Түрікменстан билігі ұнды артығымен алуға тыйым салған.
Ұн тапшылығы әсіресе елдің солтүстік өңірлеріндегі Дашоғыз облысында қатты сезіледі. Мұнда қазір адам басына бес келіден артық ұн сатып алуға болмайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде