jasqazaq.kz

Балалары мен күйеуін тастап басқаға тиіп алған

19 ақпан 2018, 12:43

«34 жастағы жігіт пен 65 жастағы әжейдің үйлену тойы» деп желіні шулатқан жас жұбайлардың басынан дау арылмай тұр. 34 жастағы Гоззал Көшмұратованың бұрынғы күйеуінің туыстары жеңгелерінің күйеуге шығып кеткенін БАҚ беттерінен көрген.

Үш баласын тастай қашып, беташар жасатқан келіншек бұрынғы күйеуінің туыстарын «əкеме барамын» деп алдаған.

«Болатын нəрсе болды. Ол түзелмейді, ертеден солай жүретін адам. Менің ағаммен 14 жыл бірге тұрды. Олардың 2, 4, 6-шы сыныпта оқитын ортақ үш баласы бар. Інім вахтада жұмыс істейді. Үш баланың шешесі жігіт іздеп Атырауға өз аяғымен барып тұр. Күйеуі жұмысқа кеткенде балаларды қамап кеткен. Қалай жүрегі дауалап кетті екен? Аш отырған балалар айқайлап, көршілер арқылы əкелерін шақыртқан. Інім əйелін бір апта іздеп, полицияға арыз жазды», – дейді Гоззалдың бұрынғы күйеуінің қарындасы Катя Омарова.

Айтуларынша, олар шарқ ұрып іздеп жүрген жеңгелерінің беташарын интернеттен көріп, шалқаларынан түскен.

«Қорлық көрдім» депті. Күйеуінің қойнында жатып, қандай əйел басқа еркекпен сөйлеседі? Жолдасымен бір төсекте жатып, сегіз ай бойына басқа еркекпен сөйлескен. Барлығын тілінен табады», – дейді ол.

Туыстары бауырларының шаңырағы шайқалғанда есеңгіреп қалған. Қазіргі уақытта аналары тастап кеткен үш баланы бағу үшін ауылдан əжесі келіпті.

«Əжесі ауылдан келіп үш баланы бағып отыр. Балалар үшін қиналамыз. Менің ағама да қатын табылар. Үш бала жəутеңдеп қалады. Əйел кетті, енді бала əкесімен қалса дейміз. Ана жақта бір бөлмелі жатақханада тұрса, балаларды қайда апарады? Оның үстіне балалардың не өзінің құжаты жоқ. Қандай əйел екенін осыдан-ақ біле беріңіз. Мен түсінбеймін, біреудің əйелін қатын қылатындай ана еркектің басына не күн туды екен?», – дейді бұрынғы күйеуінің туыстары.

Қазіргі уақытта Гоззал Көшмұратова бұрынғы күйеуімен балаларын бөлісе алмай, дауласып жүр.

Еске сала кетейік, жақында екі жастың беташарындағы видео желіде кезіп кеткен еді.

Дереккөз: NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде