jasqazaq.kz

Арман Шораев «Еуразия» арнасының журналисін әдепсіздігі үшін сынға алды

29 шiлде 2016, 12:38

6649c395afa44c890c11abaf66b74ac0_resize_w_520_h_

Кеше танымал ақын-композитор Еркеш Шакеевтің ұлы – Сафар Шакеевтің өлі денесі табылғаннан кейін «1 арна Еуразиядан» өзін журналистпін деп таныстырған қыз, тікелей әкесіне телефон шалып, жас жігіттің өліміне байланысты комментрий беруді сұраған көрінеді. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Журналистік этика жайында… Бүгін біз үлкен қайғыға тап болып отырмыз. Бауырымыз Еркеш (Шакеев – авт.) ұлынан айырылды. Сафардың өлімі расталғаннан кейін бір сағат өтпей, Еркештің нөміріне бір қыз звондады. – Саламатсыз ба! Мен «1 арна Еуразиядан» боламын, маған шұғыл түрде «комментарий» беріңізші!
Көңіл айтқан да жоқ, қайғыға ортақтасқан да жоқ. Түк болмағандай, комментарий беріңізші деп отыр. Абырой болғанда, сол кезде әкесінің телефоны менде болды. Әрине, мен ол топасты бәріне белгілі «үш әріпке» жібердім.
Артынан оның қоймай, Еркештің достарына дейін шабуылдағанын білдім (хабаралама алмасудың скриншоты бар). Адам қайғысын пайдаланып, журналистік мансапты жасау — абыройдан жұрдай қалғанның белгісі. Бір ар-ұят пен әдеп болуы керек қой», — деп жазды А.Шораев өзінің Facebook парақшасында.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде