jasqazaq.kz

Астанадағы марафонға 5 мыңға жуық адам қатысады

28 шiлде 2016, 15:15

20160728150736

2009 жылдан бері өткізіліп жатқан Астана марафоны биыл ең ауқымды шаралардың бірі болмақ. Шараға қатысушылар 10, 21,1 және 42,2 шақырым қашықтықтарға жүгіреді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

Биыл марафонға үкімет мүшелері, елшіліктер мен халықаралық және республикалық компаниялардың қызметкерлері, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдің атлеттері қатысады.

Марафонға қатысу үшін astana42k.com ресми сайтында онлайн режимде немесе Кроссфит Астана клубтарында тіркелу керек. Жарна сомасы — 3-7 мың теңге шамасында.

Айта кетейік, қатысушылар бірнеше санат бойынша тіркеледі. Мысалы, құрамында кемінде 5 адам бар әуесқой және спорт клубтарына 20% жеңілдік жасалады.

Жиналған қаржы қайырымдылық қорларға аударылады. Жалпы алғанда, 2009 жылы марафон өткізудің нәтижесінде 24 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі ауыл жастарын спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған OneSteppeBeyond қайырымдылық жобасын іске асыруға жұмсалады.

www.inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде