jasqazaq.kz

Былғары бұйымдар брендін қалыптастырғысы келеді

27 шiлде 2016, 15:41

 

IMG_0591

Ақтөбелік қолөнер шебері былғарыдан әмиян тіге бастады. Бүгінде жас шебер Артур Мақаштың қорында ондаған портмоне мен кілт, визитка салатын бұйымдар бар.

Әзірге жас шебер былғары бұйымдарын үй жағдайында тігеді. Алдағы уақытта шағын цех алып, сол жерде өндірістік деңгейде шаруасын айналдырмақ ниетте.

«Айналып келгенде, барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Дегенмен, жоспарымыз бар. Бірнеше жігіт болып, Ақтөбенің брендін қалыптастырғымыз келеді. Арнайы атау ойластырып, әрбір былғары бұйымға соны белгі етіп соқтырсақ дейміз. Сөйтіп, Ақтөбеден де жақсы бұйымдар жасауға болатынын дәлелдегіміз келеді», — дейді Артур Мақаш.

Таза былғарыны жас шебер арнайы тапсырыспен алдыртады. Түскен табысының ауқымды бөлігі шикізат материалға жұмсалады. Шаруасын енді бастап жатқан соң, кейбір таныстарына тарту ретінде бере қояды. Ондаған былғары бұйым тігіп, ілімін алған Артур әрбір бұйымның дизайны, стилі ерекше болғанын қалайтынын айтады.

 

«Кейбір елдерде жеке адамдар теріден портмоне тігіп, саудаға шығарады. Тіпті өз елдерінде кәдімгідей брендке айналып кеткен. Әрине, қолдан жасалған бұйымдар қымбат бағаланады. Оның үстіне, қазір еліміздің көп қаласында, ғаламтор желілерінде ұсынылатын ұлттық былғары бұйымдарының үлгілері бір сарын. Сондықтан, мен де өз ісімде ерекшеліктің болғанын қалаймын», –  дейді ақтөбелік шебер.

Болашақта жас шебер облыста өтетін көрмелерге қатысып, өз өнімін көпшілікке ұсынғысы келеді.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде