jasqazaq.kz

Атыраулықтар қамаудағыларды босатуды сұрайды

24 шiлде 2016, 19:25

20160723132005-e1469262450969

Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша комиссияның отырысы барысында қала тұрғындары жер мәселесіне қатысты митингтер кезінде қамауға алынған Макс Боқаев пен Талғат Аяндарды босатуды сұрады. Алайда прокуратура органдары жер комиссиясының ондай құзіреті жоқ екені жайында айтып отыр.

«Бәріміз жақсы білеміз, Атырауда жер мәселесіне қатысты митинг өтіп, басқа қалалар оған үн қосқаннан кейін жерді жеке меншікке сату мен шетелдіктерге жалға беруге мараторий жарияланды. Жер реформасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Халық оң өзгерістердің болып жатқанын байқап отыр. Ал енді осындай өзгерістерге себеп болған халықтың әрекеті үшін кейбір азаматтарды қамауға алып, ауыр айып тағып жатыр. Ол дұрыс емес», — дейді Атырау қаласының тұрғындары. Олар бұқаралық ақпарат құралдарында атыраулықтарды қит етсе, көшеге жүгіретін халық ретінде көрсетумен келіспей отыр. Атыраулықтар Макс Боқаев пен Талғат Аян туралы айтқанда көздеріне жас алды.

Осы мәселені қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да көтеріп, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтан тиісті көмек беруді сұрады.

«Осы жер мәселесі алғаш рет көктемде Атырауда көтерілген болатын. Бәрі тәртіпті түрде өтті. Сіз өнегелі әкім ретінде халықтың алдына шықтыңыз. Бәрі мәдениетті түрде өтті деуге болады. Ешқандай фонарь, я болмаса, сәкі бұзылған жоқ. Бірақ сіздің жаныңызда тұрған екі жігіт – Макс Боқаев пен Талғат Аян бүгінге дейін, өкінішке қарай, түрмеде отыр. Мен кеше кездестім. Өкінішке қарай, айып өте ауыр. Бес жылдан он жылға дейін отырғызайын деп жатыр. Енді, митингтер көп қалада болды ғой. Ал ондай жаза тек осы Атыраудың жігіттеріне ғана қолданылып отыр. Әрине, біз білеміз, ол тек сіздің қолыңызда ғана емес. Дегенмен, шешім қабылдайтын адамдарға сіз айтыңыз, ол дұрыс емес. Олар ешқандай қылмыскер емес, олар – патриот. Әлі де кез келеді. Біз оларға рақмет айтамыз. Сондықтан осы мәселенің шешілуіне атсалысасыз деген үміт бар»,- деді М.Тайжан.

Жиналысқа қатысқан прокуратура өкілдерінің айтуынша, бүгінде тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу аяқталуға жақын.

«Бұл істердің айқын бағасын сот органдары береді. Сондықтан жер комиссиясының бұл мәселеге араласуға құзыры жоқ. Ол кісілердің өтініштері, адвокат және тағы басқа конституциялық құқықтары қарастырылған. Ол мәселелер бойынша шағым жоқ», — дейді прокуратура мамандары.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде