jasqazaq.kz

Экс-полицей адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталды

03 қараша 2017, 11:19

Сот бұрынғы құқық қорғау қызметкерін кісі өлтірді және өкілеттілігін асыра пайдаланды деп таныды.Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынын атып өлтірген полицей 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың сәуірінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері ағасына қарумен шабуылдаған адамдарды өзі жазалауға шешім қабылдайды.

Полицей ауыл тұрғындарының бірін атып өлтіріп, екеуін жарақаттаған. ШҚО прокуратурасының мәліметінше, экс-полицей кісі өлтірді және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп танылды.

Айта кетейік, полицей бұған дейін тек жақсы жақтарымен көзге түскен, ал қаза болған Үлкен Нарын ауылының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде