jasqazaq.kz

«Астана» командасы «Маккабиді» сырт алаңда ұтты

03 қараша 2017, 10:54

«Астана» футбол клубы жұмаға қараған түні Тель-Авивте Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы матчта жергілікті «Маккаби» командасын 0:1 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды Патрик Твумаси соқты.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қазан күні Қазақстанның елордасындағы алғашқы ойын 4:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды. Сол кезде қазақстандық команданың бас бапкері Станимир Стойлов шәкірттері сырт алаңда да жеңіске жетсе, оны «топ-сенсацияға» жатқызуға болатынын айтқан еді.

Қазақстан чемпионы «Маккабиді» сырт алаңда ұтқаннан кейін, өз тобында екінші орынға көтерілді. Бірінші орында испаниялық «Вильярреал» командасы тұр.
Сонымен, «Е» тобындағы төрт турдан кейін командалардың орналасу кестесі мынадай: «Вильярреал» — 8 ұпай, «Астана» — 7, «Славия» — 5, «Маккаби» — 1.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде