jasqazaq.kz

Науқастың асқазанынан 600 шеге шықты

31 қазан 2017, 14:49

Үндістандық хирургтер психикалық ауытқуы бар науқастың асқазанынан 600-ден астам шеге алды, ота сәтті болуы үшін магнит қолданылған, деп хабарлайды NDTV.

Журналистерге сұхбат берген хирург Сиддхартха Бисвастың айтуынша, науқастың асқазаны 2 сантиметрлік шегелерге толы болған. Шегелерді алу үшін магнитті қолданған. Ота бір тәулікке созылған. «Оның психикалық ауытқуы болғандықтан, не жеп, не қойғанын білмейді. Ешқайсымыз да оның асқазанынан мұншалықты көп шеге шығады деген ойға келген жоқпыз», — дейді науқастың туысы. Бір ай бұрын іші қатты ауырған науқас ауруханаға жеткізіліп, ультрадыбыстық диагностика жасалады. Сол кезде оның асқазанында қатты заттар бар екені анықталды. Содан кейін дәрігерлер күрделі отаға дайындықты бастады. БАҚ-тағы хабарларға сүйенсек, ота сәтті өткен, қазір науқастың жағдайы тұрақты.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде