jasqazaq.kz

SportFEST Kazakhstan мектеп спартакиадасы басталды

27 қазан 2017, 16:15

Мектеп оқушыларына арнаған бұндай ауқымдағы спорттық шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда. Спартакиадаға спорттық атақтары жоқ, кез-келген жалпы білім беретін мекеменің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Қатысушылар футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, баскетбол мен тоғызқұмалақ ойындары бойынша бақ сынасады.

«Әдетте, бұндай шараларға спортпен кәсіби айналысатын балалар қатысады. Бұл жолы басқаша. Біздің спартакиадаға спортта жетістіктері жоқ, ниет білдірген балалардың барлығы қатысады. Сондықтан бұл оларға спортқа деген құлшынысын арттырып,жақсы жетістіктерге жету үшін үлкен мүмкіндік», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының басқарушы директоры Лима Диас.

Спартакиадаға мемлекет бойынша 6000 астам оқушы қатысады деп күтілуде. Барлық сатылып алынған спорттық құрал-жабдықтар (футбол, баскетбол доптары, шахматтар, теннис үстелдері,тоғысқұмалақтар) тегін негізде орта білім беретін мекемеллерге (балалар үйі, мектеп-интернаттар, спорт мектептері) табысталады»

Спартакиада үш бөлімнен тұрады:

– дайындық кезеңі;

— Қазақстан аймақтарында іріктеу кезеңінің өткізілуі;

— Щучье қаласында орналасқан «Балдәурен» кешенінде қазақстандық спорт және эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін республикалық финал;

«Коммуникативті бастамалар мен стратегиялар қоры» ұйымдастырып жатқан турнирдің бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде