jasqazaq.kz

Еңбекақыларын азық-түлікпен алған

26 қазан 2017, 22:01

Айлықты азықпен алғандар! Алматыдағы «Hi Tech logistics» компаниясының қызметкерлері жалақыларының жырымдалып қана қоймай, соңғы кезде азық-түлікпен берілетінін айтып наразылықтарын білдіруде. Тіпті, соңғы үлестірген өнімнің жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті. Компания өкілдері болса, жаланы керісінше жұмыскерлердің өзіне жауып отыр. Айтуларынша, қоймада ұрлық жиілеген. Тіптен, қылмыстық іс те қозғалыпты. Сондықтан, айыптан жалтару үшін жұмысшылар осындай әрекетке баруы мүмкін деген пікірде. Тараптарды Асқарбек Қазанғап тыңдап келді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алып қоймалар орналасқан компания аумағына расымен кіру қиын. Іштегі қызметшілердің бей-берекет тысқа шығуына да рұқсат жоқ. Құдды бір стартегиялық нысандағыдай тәртіп күшті. Әйтсе де сол тәртіпті бақылайтындардың өздері айлыққа жарымай жүр. Басқа жұмысшыларға да соңғы рет еңбекақыларының бір бөлігінің орнына осында сақталатын азық-түлікті беріпті. Онда да мерзімі өтіп кеткен өнім таратылған.

Серік Қалиев, компания қызметкері:

-Бала-шағамызды улай алмаймыз ғой. Дұрыс емес, конечно дұрыс емес. 60 мыңдай аламыз. Оның 16 мыңын алса бізге не қалады. Бала-шағаның тамағы бар, кредит бар. Проезд бар. енді оны қалай түсіндіреді? түсіндіргенде аласыңдар дейді, болды.

Басшылық бассыздығын айта жөнелген қызметшілердің сөзін компания өкілдері бірден жоққа шығаруға тырысты. Олардың айтқаны шындыққа жанаспайды деп ақталды.

Негізі былтыр қоймада 40 млн теңгенінің тауары қолды болған екен. Ол бойынша, күдіктілер анықталып, полицияға арыз да жазылыпты. Жала жауып, наразылық білдіруі сол айыптан жалтарудың амалы дейді компания басшылары.

Михаил Шамаков «High Tech Logistics» компаниясының директоры:

— Бізде әлі күнге дейін ашылмаған екі қылмыстық іс бар. Арызды 2016 жылы жазғанбыз. Тергеушілер тарапынан ешқандай қабылданбады. Олардың атына үш рет бас прокуратураға, облыстық прокуратураға арыздандық. Біз заңға сәйкес жалақы төлейміз. Азық-түлікпен береді деген бос әңгіме.

Екі тараптың да айтар өз шындығы бар. Қызметшілер айлықты азықпен беру бассыздығын тоқтатуды қалайды. Ал, компания басшылығы жала мен айып текетірескен бұл істің құзырлы органдар мән-жайын анықтап, нүктесін қоюы тиіс деген пікірде. Сонда біраз шындықтың беті ашылар еді дейді. Бірақ, қоймадағы ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты іс бір жылдан асты, белгісіз себептермен әлі күнге орнынан жылжымай тұр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді