jasqazaq.kz

Есірткі саудасымен айналысқан апалы-сіңілі екі әйел ұсталды

25 қазан 2017, 11:36

Қостанай облысында тәртіп сақшылары есірткі заттары мен қару сақтаған апалы-сіңілі 2 әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киевский ауылында 42 жастағы күдікті әйел өз пәтерінде ұсталды. Тінту кезінде диванға жасырылған полиэтиленді орамадан салмағы 1,87 грамм болатын героин табылды. Сол күні есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктінің 35 жастағы сіңлісін де қолға түсірді. Сақшылар оның үйінен жалпы салмағы 6 грамм болатын героин тәркіледі. Айыпталушылар есірткіні сату мақсатында сақтағанын айтқан. Мұның сыртында, оның үйінен «ИЖ-18Е» маркалы шолақ мылтық табылды. Қарудың тіркелмегені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде