jasqazaq.kz

Түркиядағы туристерге қауіп жоқ

18 шiлде 2016, 14:51

Снимок

Түркиядағы әскери бүлік біздің қазақстандықтарды да біраз абыржытып тастады. Өйткені, сыртқы істер минстрінің мәліметіне қарағанда, сол уақытта Түркияда 2,5 мың отандастарымыз демалып жатқан еді. Тағы осынша азамат Түркияға ұшуға дайындалып жатқан болатын. Алайда, аяқ астынан орын алған әскери бүлік екі ел арасындағы әуе рейстерін тоқтатуға мәжбүрледі. Шілде айының 18 күні Астанадағы Түрік елшілігі арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайдың тұрақталғанын баяндады.
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың айтуынша, қазақстандық туристерге төніп тұрған қауіп жоқ көрінеді. Кешеден бері азаматтық ұшақтардың рейсі қалпына келтірілген. Бір мыңға жуық азаматымыз бірер күнде оралуы тиіс екен. Невзат Уянык «Біздің елде демалып жатқан туристерге еш қауіп жоқ. 16 шілде күні жағдай тұрақталған болатын. Кешеден бері азаматтық ұшақтардың рейісі екі араға қатынап жатыр», – деді. Орайы келгенде айта кетейік, Ыстамбұлда 15 шілде күні әскери бүлікте 190-нан астам бейбіт азамат қаза тауып, 6 мыңнан астам бүлікші ұсталған еді.

 Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде