jasqazaq.kz

Шекарада қырғыз офицері есірткімен ұсталды

17 қазан 2017, 17:36

Қазақ-қырғыз шекарасын өту кезінде Қырғыз Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас штабының подполковнигі есірткімен ұсталды. Бұл туралы «Вечерний Бишкек» басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Қырғызстан ҚК-нің офицерін Қазақстан шекарашылары ұстаған. «Кей мәліметтер бойынша, полковникке бұлтартпау шарасы Қордай аудандық сотында таңдалады. Бірнеше офицер «Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуына қатысу үшін аттанған. Офицер осы топтың арасында болған. Ұстау «Ақ Жол» бақылау-өткізу пунктінде болды», — дейді милиция өкілдері. ҚР ҚК Бас штабының баспасөз қызметі қырғыз әскери қызметкерінің ұсталғанын растады. Алайда мұның немен байланысты болғанын нақтыламады. «Қазір тергеу жүріп жатыр. Сонымен бірге, Құрлық әскерінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр», — дейді Бас штаб өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде