Ресей денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова алкогольдің адам ағзасына пайдасын жөнінде айтып берді. 
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Шенеуніктің сөзінше, спиртті ішімдіктердің аздаған мөлшері атеросклероздың алдын алады.
Ол жүрек-қантамырлар ауруларын болдырмас үшін, аптасына таза спирт 90 грамм мөлшері жеткілікті екенін атап өтті.
Скворцованың айтуынша, спирттің мұндай мөлшері организмге зиянын тигізбейді. Ал 300 граммнан артық мөлшері – өте қауіпті.