jasqazaq.kz

АҚШ билігі 11 қыркүйекте болған терактінің құпия есебін жариялады

16 шiлде 2016, 12:55

skachannye-fajly-2-1

АҚШ билігі 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған терактіні тіркеген істің құпия деп, ашуды жөн көрмеген 28 бетін жариялады. Ол құжат АҚШ Конгресі өкілдері палатасы жанындағы Барлау комитетінің сайтына орналастырылды.

Риа Новости агенттігінің хабарлауынша, теракт туралы есеп Конгрестің екі партиялы комиссиясымен дайындалған.

Ол 800 беттен тұрады. Оны 2003 жылы жариялаған кезде, соңғы 28 беті құпия деп танылып, ондағы мәліметтер ашылмаған.

Құпия құжатта лаңкестер мен Саудия билігі өкілдерінің арасында байланыс болуы мүмкін екендігі айтылады, алайда есепте оны айғақтайтын дәлелдер жоқ болып шықты.

— 28 беттегі мәліметтерді жекелей зерттеу кезінде Сауд Арабиясы үкіметі немесе сауд патшасы отбасының мүшелері дайындалып жатқан шабуылды қаржылай қолдағаны және ол туралы білгендері жөнінде ешқандай дәлел анықталмады, — деді АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Элизабет Трюдо.

Құпия құжатта америкалық сенатор Боб Грэм лаңкестерге Сауд арабиясы азаматтарына 11 қыркүйекте шабуыл жасау үшін ұшақты жүргізуге үйреткен адамдар туралы айтылады.

АҚШ-та құпия жасырылған 28 беттегі мәліметтердің жариялануын халық асыға күтіп жүргенін баса айта кетелік. 2001 жылы 11 қыркүйекте әл-Кайда лаңкестері бірнеше жолаушы ұшақтарын басып алып, оны Бүкіләлемдік сауда үйі мен Пентагон ғимарттарына бағыттаған болатын. Лаңкестер шабуылынан 3 мың адам қаза болған.

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде