jasqazaq.kz

Қазақстанда аң аулаған Араб Әмірліктерінің 4 азаматы ұсталды

12 қазан 2017, 18:13

Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының шекарасындағы Ақтөбе ауылының маңында заңсыз аң аулаған Біріккен Араб Әмірліктерінің 4 азаматы мен 2 жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы ақпаратты ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«12 қазанда Жамбыл облысының «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК тірек бекетінің инспекторлар тобы Жамбыл облысының орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы рейд жүргізген. Рейд барысында табиғат қорғаушылары Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының шекарасындағы Ақтөбе ауылының маңында Біріккен Араб Әмірліктерінің 4 азаматын қолға түсірді. Олардың қасында тағы 2 жергілікті тұрғын болған. Олар Ниссан Патрол мен Тойота Ланд Крузер Прадо автокөліктерімен жүрген. Тексеру барысында ұсталғандардың автокөліктерінен 4 сұңқар, Қызыл Кітапқа енгізілген 1 безгелдек, 2 шіл мен 2 қоян табылды», — деп жазады Сәкен Ділдахмет.
Берілген мәліметке сәйкес, оқиға орнына Сарысу ІІБ-нің жедел-тергеу тобы шақырылған. Қазіргі уақытта заң бұзушылардың кім екені анықталу үстінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде