jasqazaq.kz

Төрт қазақстандық Ниццадағы террактінің куәгері болған

15 шiлде 2016, 12:36

Naci

Францияның Ницца қаласында орын алған лаңкестік оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы арнайы баспасөз өткізген ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақастан тарапы терактлік оқиғаны қатты айыптап, Франция халқына көңіл айтады. Ницца қаласында болған террактіден қаза тауып, жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Алайда терракті орын алған маңдағы қонақ үйлердің бірінде Қазақстанның төрт азаматы болып, қайғылы жайтты терезден өз көздерімен көрген және ол жайында Франциядағы Қазақстан елшілігіне хабарласып көмек сұрады. Қазірде ол төрт азаматтың аты-жөні нақтыланып жатыр. Елшілік олармен байланысқа шығып, қауіпсіздік қамтамасыз етілді», — деді Әнуар Жайнақов.

Сондай-ақ, сыртқы ведомство өкілі Қазақстан азаматтарын шетелге шығар кезде жеке қауіпсіздік мақсатында барған елдегі Қазақстанның елшілігіне міндетті түрде хабарласып, өздерінің тоқтаған жері, елде болу мерзімі жайлы мәлімет беріп, үнемі байланыста болуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Бейсенбі күні Ниццада кешкісін Францияның ұлттық мерекесі — Бастилияны алған күнді атап өту кезінде, салютті бақылап тұрған бір топ адамға жүк көлігі соғылып, адамдар арасымен жүз метрдей жүріп өткен. Осыдан кейін көлік тізгіндеген террористер адамдарға оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша, қанды оқиғадан кем дегенде 73 адам қаза тапты.

Ницца қаласында болған террорлық шабуылға байланысты ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Франция Премьер-министрі Мануэль Вальске көңіл айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде