jasqazaq.kz

Назарбаев бензин тапшылығы үшін Бозымбаевқа сөгіс жариялады

11 қазан 2017, 13:02

Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министр бензин тапшылығына байланысты жауапты шенеунікті қызметінен босатып, мемлекет басшысынан Бозымбаевқа сөгіс жариялауды сұрайтынын айтқан еді.

“Бітпейтін сылтау. Мен мұнымен келіспеймін. Бұл жағдайды тікелей өз лауазымдық міндеттеріңді орындамау деп есептеймін. Жауапкершілік болу керек. Сондықтан мен келесідей шешім қабылдаймын. Үкімет мүшелеріне қатысты әкімшілік жауаптылық жөнінде шешімді Президент қабылдайтындықтан, мен Мемлекет басшысының атына Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгіземін”, — деді Сағынтаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде