jasqazaq.kz

Қырғыз белсенділері: Атамбaев қазақ пен қырғыз арасына от салуда (видео)

09 қазан 2017, 13:18

7 қазандағы Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ елінің басшысы мен саясатына қатысты сөздеріне байланысты жерлестері бас көтерді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қырғыз елінде өтетін президент сайлауы алдында үгіт-насихат жүргізген «Бутун Кыргызтан» партия ұйымының жетекшісі Адахан Мадумаров алаңға жиналған мыңдаған тұрғынға Атамбаевты жамандап берді.

«Атамбаев кеше айтты ғой, біз көптеген мемлекетке қарағанда алға кетіп қалдық деп. Қайсы біздің алдыға кетіп қалғанымыз? Оның айтқынын білесіздер. Кешегі сөзі — Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы от тасаушылығы. Алдына жалған мұғалім, жалған дәрігерлерді жинап алып жалған сөйледі.

Алты жылдың ішінде балалардың жәрдемақысын, қариялардың зейнетақысын жоқ қылды. Қашан жетеміз, қашан несібеміз болады?»,- деді қырғыз оппозиционері митингке қатысқан мыңдаған тұрғынға.

Сонда жиылған қырғыздар саясаткердің сөзін қолдап, қол шапалақтап қошемет те көрсетіп жатты.

Естеріңізге сала кетсек, 7 қазан күні Алмазбек Атамбаев Назарбаевты Қырғызстанда өтіп жатқан президент сайлауына араласты деп айыптаған еді.

Қазақстан билігіне қатысты да өткір сын айтқаны үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігі қырғыз басшысына наразылық білдірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде