jasqazaq.kz

Үкімет басшысы қазақша сөйледі (Видео)

14 шiлде 2016, 12:55

ҚР Премьер-Министрі бүгін Ұлан-Батыр қаласында өтетін АСЕМ-нің XI саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді. Ресми жұмыс сапары кезінде Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккен Баян-Өлгей аймағында болып, жергілікті халықпен кездесті, мәдени орындарын аралап көрді. Бұл туралы Премьер-министрдің сайтыхабарлайды.

Кәрім Мәсімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет Баян Өлгей қаласындағы селден зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін атап өтті.

Премьер-Министр жақын күндері көрсетілетін қолдау қандастарымызға табиғи апат салдарын жоюға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.

Үкімет басшысы қазақ диаспорасы алдында қазақша сөйледі, бірақ оны алдындағы қағазынан оқып берген.

Сонымен қатар Үкімет басшысы осы Баян-Өлгей аймағындағы өлкетану мұражайында болды.

Аймақта мәдени сала жергілікті қазақ диаспорасының арқасында дамып отыр — аймақта қазақ драма театры жұмыс істейді, жыл сайын Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтіп, бүркітшілер арасында жарыстар ұйымдастырылады.

Осыған орай, өлкетану мұражайының экспозициялары да жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне арналған. Мұражай 1948 жылы құрылған. Қазіргі кезде ондағы қорда 5200-ден астам экспонат бар.

Мұражайды аралаған Кәрім Мәсімов мұндағы экспозициялармен танысып, оның басшылығымен, жергілікті қазақ зиялыларының өкілдерімен әңгімелесті.

Жыл сайын бұл мұражайға 10 мыңнан астам тұрғындар мен туристер келеді екен.

Еске салайық, Моңғолияның Баян Өлгей қаласында 10-шілде күні сел жүріп, салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалды.

https://www.youtube.com/watch?v=eaGqXUrKzQk#t=22

kaz.365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде