
Анасына қазақ тілінде сөйлеуді үйретіп тұрған орыс қызы көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Лера есімді балақайдың анасына қазақ тілін үйретіп тұрғаны түсірілген видео тарады.
«Лера тақпақ айтып, қазақ тілінде диалогтар құрастыруда. Анасына қазақ тілін үйретуде», — деп жазған екен видеоның авторы.
Кадрда көрінгендей, бүлдіршін қазақша тақпақтарды бірінен соң бірін айтып, анасының да қайталап айтуын сұрайды.